Университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің өсуін қамтамасыз ету, оның ішінде жарияланымдар, монографиялар, ғылыми мақалалар болып табылады.Соңғы 5 жылда университет ғалымдарының 136 монографиясы баспадан шықты. 136 монографияның 21-і Германияда LAP Lambert Academic Publishing Неміс кітаптарының каталогына кірді. Монографиялардың сапасы, әдетте, оларда баяндалған нəтижелердің жаңалығымен бағаланады. Монографиялардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін 2013 жылдан бастап университетте дайындалған барлық монографиялар плагиатқа тексеру үшін  Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығына жіберіледі. Тек осы ұйымның ресми қорытындысы негізінде ОПҚ-ның баспаға дайындаған монографиялары жариялауға ұсынылды.
Қазіргі жаһандану жағдайында және ғылымның халықаралық интеграциясы жағдайында жарияланымға қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді. Әлемдік ғылыми ортада ғалымдардың мәртебесін анықтайтын «Хирш индексі» немесе H-индексі  ғалымның ғылыми метрикасының көрсеткіші болып саналатынын білеміз. Бұл индекс ғылыми мақалалар мен осы мақалаға жасалған сілтемелер негізінде ғалымның, ғылыми топтың, ғылыми ұйымның немесе бүкіл бір елдің ғылыми өнімділігінің сандық сипаттамасын көрсетеді. Қазіргі таңда университетіміздің ОПҚ-ның шыққан ғылыми мақалаларында    14 Хирш индексі бар. Жалпы Thomson Reuters және Scopus агенттігі базасына кіретін журналдарда жарияланған жарияланымдар саны 91.
Жыл сайын университеттің оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми мақалалар ретінде әртүрлі басылымдарда 2 мыңнан астам жұмыс жасайды. Мәселен, 2016-2017 оқу жылында 2335 жұмыс жарияланды.
2015-17 жылдары университет ғалымдарының 89 монографиясы баспадан шықты (оның ішінде 21 монография шет мемлекетте).
Соңғы 3 жылда университет ғалымдарының 5500-ден астам ғылыми мақалалары республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрді. Оның ішінде шет мемлекеттер басылымында 465-ке жуық мақала және Tomson Reuters, Scopus ақпараттық базасына енетін нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдарда 42 мақала жарияланды.

646133

Top