2013 жылдың қараша айында Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Казақстандық Тәуелсіз агенттіктің аккредиттеуінен өтті және Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университетіне (тіркеу номері ІА №0025) 5 жылдық мерзімге күәлік берілді.
2014-2015 оқу жылында факультетте бірнеше жоғары импакт-факторлы мақалалар жарияланды, олар:
1) 0,236, «THE NATIONAL FUND OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN AS AN OBJECT OF PROTECTION FROM CRIMINAL ENCROACHMENTS» авторлары: К.Сагинбеков, З.Т. Абдукаримова, К. Ернишев, А. Газаев, Н. Конырбаев, журнал аты: World Applied Sciences Journal 29 (9): 1192-1195, 2014 ISSN 1818-4952 IDOSI Publications, 2014 DOI: 10.5829/ idosi.wasj.2014.29.09.13951
2) 0,236, «Anti-Corruption and Improving the Prospects of Criminal Responsibility in the Economic Sphere of the Republic of Kazakhstan», авторлары: К.Сагинбеков, Ернишев, А. Газаев. журнал аты: World Applied Sciences Journal 29 (9): 1192-1195, 2014 ISSN 1818-4952 IDOSI Publications, 2014 DOI: 10.5829/ idosi.wasj.2014.26.04.13951
3) 0,063, «Законодательный пробел в условиях отбывания наказания в виде лишения свободы» / «Юридические науки: проблемы и перспективы» (Пермь, қаңтар 2014 ж.), авторлары: А.В. Алимбетов; К. Сагинбеков, Қ. Ернишев, А. Газаев, российский журнал РИНЦ 
Заң факультетінің студенттік ғылымындағы үлкен жетістіктердің бірі факультеттің 3 курс студенті Тойғұлова Жібектің «Студент - ізденуші» біліктілігін алғандығы.
«Азаматтық және азаматтық-іс жүргізу құқығы» кафедрасындағы «Научные аспекты правового регулирования предпринимательской деятельности в РК» атты мемлекеттік бюджет тақырыбы бойынша студенттер ғылыми зерттеулерді студенттік ғылыми конференцияда өз зерттеу нәтижелерің ұсынды, олар студент Рыскалов К. - ЮП-29-7 «Кәсіпкерлік қызметті құқықты реттеу», студент Қанышқызы Н. – ЮП-210-3с «Кәсіпкерлік қызмет субьектілерін дәрменсіздігінің құқықтық реттелуі», студент Джаналиев С. – В 11 ЮП – 9 «ҚР шағын және орта бизнесті дамытудың құқықтық аспектілері».
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасындағы «Теоретические основы и история становления конституционно-правового статуса беженца и вынужденного переселенца В РК и мире» атты мемлекеттік бюджет тақырыбы бойынша студенттер өз ғылыми зерттеулерді студенттік ғылыми конференцияда өз зерттеу нәтижелерің келесі студенттер ұсынды: Иргебаев М. - МП 29-4 «Внешние миграционные процессы в РК», Абдрахманов А. - ЮП 210-7 «ҚР заңсыз миграцияның пайда болуы және құқықтың реттеу жолдары».
«Философия және саясаттану» кафедрасының ПОҚ басшылығымен танымдық-философиялық бағытта «Логос» (жетекшісі А.А.Иманбаев) және «Темірқазық» (жетекшісі М.Ж.Спанов) үйірмелері жұмыс жасап келеді. Нәтижесінде кафедра оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен атқарылған студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстары республикалық, облыстық ғылыми конференцияларда бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді. Мысалы, 2016-2017 оқу жылы студенттік республикалық конференцияға қатысып, РЭТ-214-5 тобының студенті Жолдыбай Б. (ғылыми жетекшісі Баярисов Р.У.) тақырыбы «XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының тағдыры және Абылай ханның саяси тұлғасы» 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенті Серик Н. (ғылыми жетекшісі Алтынбекова З.Т.), «Діни фанатизм және жастар мәселесі» тақырыбындағы ғылыми жобасы үшін студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Құқық» мамандығының 2 курс студенті Раисова А. (ғылыми жетекшісі Мырзабеков Ж.Е.) «М.Х.Дулати мұрасының түркі өркениетіндегі алатын орны» тақырыбына жазған ғылыми жұмыс үшін студенттердің республикалық байқауда 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016 жылдың қараша айында Кәсіподақтық «Еңбекші» басылымы бетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбына арналған мақалалар, туындылар, байқауына қатысып, Қазақ мемлекеттігінің дамуы мен өркендеуіне қоғамдық қауымдастықтың назарын аударудағы ерекше шығармашылығы үшін аға оқытушы Көшербаев С.Б. арнайы 2- дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Көшербаев С.Б. Қазақстанның Жоғары оқу орындары Ассоциациясы өткізген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ең үздік ғылыми жұмыс» байқауына қатысып, «Ең үздік ғылыми мақалалар топтамасы» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі дипломмен және Ғылым күніне орай ТарМУ-дың ақшалай қаражатымен марапатталды.
Жылда өткізілетін рейтинг нәтижелері бойынша 2016-2017 оқу жылында университет кафедраларының арасында «үздік кафедра» номинациясы бойынша «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасы – І-ші орынға ие болды, ал кафедраның аға оқытушысы М.Н.Нұртай университеттің профессор-оқытушылар арасында «үздік оқытушы» номинация бойынша – І-ші орынға ие болды, сондай-ақ кафедраның аға оқытушысы Г.С.Ермекова заң факультеті профессор-оқытушылар арасында «үздік оқытушы» номинациясы бойынша – І-ші орынға ие болды.
2017-2018 оқу жылында «Университетті электронды басқару» бағдарламасының жоспары бойынша факультеттегі барлық пәндерден қашықтықтан оқытуға арналған электронды (контенттер) дайындалды. Факультеттің оқу үрдісінде қолданатын сандық білім беру ресурстарын кітапханалық - ақпараттық орталыққа тапсыруын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жасалынды. Факультетте қазіргі заманның жаңа озық технологиялары мен электронды оқулықтар және оқудың жаңа әдістерін ендірумен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Аға оқытушы А.А. Иманбаевтың, ф.ғ.к. доцент М.Ж. Спановтың «Философия: оқу-әдістемелік құрал (инновациялық әдістер)» оқу-әдістемелік құралы баспадан шықты.
Аға оқытушы Р.У. Баярисов «Дінтану» пәнінен (қазақ тілінде) электронды оқу құралын дайындады. Доцент М.Ж. Спанов, аға оқытушы А.А. Иманбаевтың «Философия» (инновациялық әдістер) оқу-әдістемелік құралы, доцент Р.Е.Жүншеев, аға оқытушы А.А.Иманбаевтың «Философия» логикалық-құрылымды кестелерден құрылған оқу құралы, аға оқытушы А.А. Иманбаевтың «Социально-политические и духовные проблемы в Казахской философии: история и современность» тақырыбында оқу құралы электронды форматқа ауыстырылды.
«Правовая охрана земель по законодательству РК» атты тақырыбының үшінші тарауы «Управление охраной земель и контроль за соблюдением земельного законодательства РК» атты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде, жауаптылар: жетекші – Г.М. Тлебаева з.ғ.к, доцент, орындаушылар – А.Б. Бекенова, Г.Р. Тұрғынбек, Б.П. Кебеева, Т.У. Махан, М.Б. Қайназарова, студенттер – А. Жолдығұлова, Ж.Умиртаева, А. Адайханова, Д. Егисинова.
Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында «Азаматтық және азаматты іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы Махан Танзиля Үсенбекқызының жетекшілігімен жазылған Жолдығұлова Аида Шындосқызының «ҚР еңбек құқығындағы шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы, жыл сайынғы ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы ЖОО арасындағы ең үздік студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауынан ІІІ деңгейдегі дипломмен марапатталды. 
2017 жылдың 15 сәуірінде Астана қаласында ҚазГЗУ – да өткен пәндік олимпиадаға төмендегідей білімгерлер Струк С., Фишер И., Жыргалбеккызы А., Умиртаева Ж., Адайханова А. Қатысып сертификатқа және де алғыс хатқа ие болды, сонымен қатар Струк С. «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Аталған студенттерге «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы Бауберикова А.Б. жетекшілік етті.
ҚР БҒМ жариялаған 2018-2020 ж.ж. ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» және «Азаматтық және азаматты іс жүргізу құқығы» кафедраларының оқытушыларының жетекшілігімен және қатысуымен 3 гранттық жоба дайындалып жіберілді:
1. Жоба тақырыбы «Бюджет қаржысын мақсатты пайдалану ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір аспектісі ретінде» Ғылыми жетекші Сагинбеков К.С., орындаушылар Нурманбетов К.Е., Бауберикова А.Б., Кошербаев С.Б., Суркова С.С., Еркебаева А.К.
2. Жоба тақырыбы: «Өзін-өзі өлтіруді ынталандыруға құқықтық баға беру мәселелері» Ғылыми жетекші: Ернишев К.А. орындаушылар: Кунтуганкызы А., Газаев А.И., Бекенова А.Б., Саткей Т., Нуртай М.
3. Жоба тақырыбы: «Основные пути решения правовых проблем развития туризма в РК». Ғылыми жетекшісі: Абдукаримова З.Т. орындаушылар: Тлебаева Г.М., Тұрғынбек Г.Р., Суркова С.С.
17-18 қараша 2017 жылы Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесі және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Заң» факультеті студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелерінің ұйымдастыруымен Заң факультетінің 20 жылдығына арналған «Қазақстандық қоғамның рухани жаңғыру аясындағы заманауи мемлекет және құқық» атты тақырыпта оңтүстік аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді
18.11.2017 жылы Заң факультетінің 20 жылдығына арналған мерей тойына байланысты факультеттің ПОҚ университет Ректоры, Жамбыл облысының әкімі, Тараз қаласының әкімі, Заңгерлік Одағы, Жамбыл облысы бойынша Кәсіподағы және құқық қорғау органдарының атынан марапатталды. «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының з.ғ.к., доцент З.Т. Абдукаримова Заң факультетінің 20 жылдығына арналған мерей тойына орай университет Ректорының атынан медальға ие болды.
З.ғ.к. Бекенова А.Б. 2018 жылы «Әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеу» тақырыбындағы монографиясын ТарМУ баспасында жариялады. 
Сонымен қатар, Сатылғанов Е.Т. нольдік емес импакт-факторы бар ICR и РИНЦ журналдарда атап айтқанда «Наука и новые технологий и инноваций Республики Кыргызстан, 12.12.17ж.», «Некоторые проблемы реализации и защиты прав граждан Республики Казахстан на общественные объединения», «К вопросу о конституционном праве граждан на свободу общественных объединений» атты мақалалары жарияланған. 
Алыс шетелдегі басылымдарда З.Т. Абдукаримова, С.С. Суркова «Legal regulation for the tourism development in Kazakhstan (Правовое регулирование разития туристической деятельности в Казахстане)» атты мақала жарияланған.
«Философия және саясаттану» кафедрасында жас оқытушылардың ғылыми дәрежесін көтеруге байланысты оқытушылардың білімін жетілдіруге және болашағы бар жастарды күндізгі магистратураға және докторантура ұсынуға көңіл бөлінуде. Осыған байланысты 2017 жылы аға оқытушы М.Е.Мырзабеков әл-Фараби ҚазҰУ –не, Б.Қ. Елубаев Түркияның Анкара қаласындағы Ғази университетіне «Философия» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті.
2018 жылы қаңтар «Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қоғамдық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізудің өзектілігі» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» атты 1-ші Республикалық педагогикалық оқуларында «Үздік педагогикалық өнім-2018» номинациясы бойынша Еменова Г.Б., Кульбаева Д.Д. 2 дәрежелі диплом және байқауға белсене қатысқаны, креативтілігі үшін алғыс хат иеленді. Баярисов Р.У. 3-дәрежелі диплом иеленді.
Университетте өтетін «Үздік мультимедиялық өнім» конкурсына кафедраның оқытушылары жыл сайын белсенді түрде қатысуда. 2017-2018 оқу жылында Баярисов Режеп Уразбайұлы «Дінтану» пәнінен «Үздік мультимедиялық жинақ-2018» номинациясы бойынша үшінші жүлделі орынды иеленді.
«Философия және саясаттану» кафедрасының мүшелері сонымен қатар Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдық құрылымдарының қызметіне де белсенді түрде атсалысып келеді. Кафедра мүшелері: доцент Мамедова П.И., доцент Кульбаева Д.Д. және аға оқытушы Баярисов Р.У. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері болып табылады. Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері облыс көлемінде атқарылып жатқан көптеген әлеуметтік маңызды іс-шаралар мен ғылыми-сараптамалық жобаларға белсенді түрде араласып, қоғамдық пайдалы қызметтер атқарып келеді. 
Кафедра оқытушылары: доцент С.А. Омаров, доцент Спанов М.Ж. және аға оқытушы Баярисов Р.У. Облыстық Дін істері басқармасының жанындағы сараптамалық топтың мүшелері болып табылады.
Кафедра профессоры Т. Ж. Жаңақұлов университеттің Ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде жас оқытушыларды тәрбиелеу және оларға университет ардагерлерінің өмірлік, кәсіби тәжірибелерін беру жолында қажетті әрі әлеуметтік маңызы бар жұмыстар атқаруда. Университеттің Ардагерлер Кеңесі белгіленген жоспар бойынша жұмыс атқарып келеді.
Кафедра профессоры Т. Ж. Жаңақұлов «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 2017 жылы өткізілген республикалық байқауда Жамбыл облысы бойынша жеңімпаз атанып, 2017 жылғы қараша айында Астана қаласына барып, жүлдеге ие болып қайтты. 
Кафедра ПОҚ білім беру, ғылым, тәрбие саласындағы ерен еңбектері мен шығармашылық жұмыстары университет, қала, обыс және республикалық деңгейде бағалануда. Мысалы, Д.Д.Кульбаева және П.И.Мамедова «Қазақ хандығына 550 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 
«Философия және саясаттану» кафедрасының мүшелері сонымен қатар діни экстремизм қаупіне қарсы облыс, қала және университет көлемінде жүргізіліп отырған түрлі қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде атсалысып келеді.
30.03.2018 жылы «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі, Газаев А.И. 3.6. – «Құқық» мамандығы бойынша Ч.Храбр атындағы Тәуелсіз Варна Университетінде «Превекция и противодействия коррупции в государственной службе» атты тақырыпта жазылған диссертациясын қорғап доктор PhD атағына ие болды. Сонымен қатар, Саткей Т.Б. «3.6. – «Құқық» мамандығы бойынша Ч.Храбр атындағы Тәуелсіз Варна Университетінде «Методика расследования преступления связанных с незаконным оборотом наркотиков» атты тақырыпта жазылған диссертациясын доктор PhD атағына ие болды.
01.06.2018 жылы «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушы Е.Т. Сатылғанов «12.00.02 – Конституциялық құқығы; муниципалдық құқығы мамандығы бойынша Қырғыстан Республикасынының Оңтүстік Аймақтық Ұлттық Ғылым Академиясы, Халықаралық Қырғызстан Университеті мен Джалал-Абад мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2018 – 2019 оқу жылында «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Кожахметова Қырғыстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясына «12.00.02 – Конституциялық-құқықтық» мамандығы бойынша заң ғылымының кандидаттығына ізденуші ретінде бекітілді.
Бүгінгі таңда «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушылары Мусаева А.Я., Асанова С.Э., Рзабай А.И. PhD доктарантурада білім алуда. Сонымен қатар, кафедраның 2 аға оқытушысы, Джабаилдаева Г.Т. мен Тереник О.Д Беларус мемлекетінде асперантурада оқиды.

Top