Философия және саясаттану кафедрасы 

KULBAEVA DINA

 

КӨЛБАЕВА ДИНА ДҮЙСЕБАЙҚЫЗЫ,
кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент м.а

Байланыс телефоны: 8 (7262) 42-65-71
Мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 28, 6.1-204

 

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасы бұрыннан келе жатқан алдыңғы қатарлы қоғамдық кафедраларының бірі болып саналады. Университет 1998 жылы ЖЖТӨТИ (Технологиялық институт), ЖГМҚИ (Гидро-мелиоративтік институт) және ЖПИ (Пединститут) бір оқу ордасына айналып, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті болып аталғаннан кейін «Философия» (меңгерушісі доцент Р.Е.Жүншеев) және «Мәдениеттану» (меңгерушісі доцент С.А Омаров) кафедралары болып құрылды.
2003-2004 оқу жылында Тараз Мемлекеттік Университетінен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты бөлініп шығып, университеттегі «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушілігіне доцент Т.Ж. Жаңақұлов тағайындалды.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның аталуы «Философия және саясаттану» кафедрасы болып өзгерді.
2009-2014 оқу жылында кафедра меңгерушілігі қызметін доцент М.Ж. Спанов атқарды.
2014 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушілігіне филос.ғ.к., доцент Д.Д. Кульбаева тағайындалды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық ұжымы өзінің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жоғарғы оқу орындарының талаптарына сай жүргізіп келеді.

FILOSOFIYA KAFEDRASY

Top