Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

Gazaev

 

ГАЗАЕВ АСХАТ ИБРАГИҰЛЫ,

кафедра меңгерушісі, PhD докторы

Байланыс телефоны: 8 (7262) 42-63-72

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі, 28, 6.1-217

 

 

 

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Заң» факультетінің «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасы Қазақстан Республикасының Оңтүстік өңіріндегі мемлекеттік нысандағы іргелі оқу орнының бүгінгі даму үдерісінде өзіндік орны бар, маман дайындаушы, тұрақты даму үстіндегі кафедра болып табылады.

Кафедра келесідегідей білім беру бағдарламалары бойынша «Қылмыстық құқық және процесс» бакалавр және «Құқыққорғау саласындағы заңгер» магистр мамандарын қос тілде даярлайды.

Тәуелсіздік жолында алғашқы қадамдарын жасап келе жатқан мемлекетімізбен қоғамдағы заңгер мамандарға деген сұранысқа орай университеттің құқықтық мамандықтар бойынша маман дайындайтын факультетінің 1997-1998 оқу жылында негізі қаланып, өзінің қызметін бастаған болатын. «Қылмыстық құқық» деген атаумен 1999-2000 оқу жылы пайда болған кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы алғаш рет қалыптасты. 1999 – 2000 оқу жылдарында аталған кафедраның меңгерушісі қызметін заң ғылымының кандидаты Қосдаулетов Қошқарбай Қуандықұлы атқарды.

Басқа қызметке кетуіне байланысты 2000-шы жылдың қаңтар айында кафедра меңгерушілігіне Ернишев Қайрат Асылбекұлы тағайындалды.

2000-2001 оқу жылын Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының даму тарихындағы күтпеген кезең деп атауға болады. Себебі экономикалық мамандықтармен қосылу нәтижесінде өзінің атауынан айырылған факультет пен кафедралардың аталулары өзгерді. Нәтижесінде «Еңбек социялогиясы және құқық» деген атаумен жаңа кафедра құрылды. Кафедраны соцология ғылымының кандидаты, доцент Байсалов Серік Жұпанұлы басқарды.

1

Серік Жұпанұлы Жоғары оқу орнының бәсекелестікке қабілеттілігін бірінші кезекке қоя отырып кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін бағалай білді. Сонымен қатар кәсіптік шеберлікті қамтамасыз ету мақсатында болашақ мамандарға сапалы білім және саналы тәрбие берді және көптеген жұмыстар атқарды. Үлкен ұжымды қаншалықты басқару қиын болсада өзінің жұмысты меңгерудегі қабылетімен қатар іскерлік қасиетімен кафедраны дұрыс жүйеге қоя білді.

2000-2001 оқу жылында Университет ректоры: Бишембаев Уалихан Козыкеұлының басқа қызметке ауысына байланысты орнына баршаға танымал заң ғылымдарының докторы, профессор Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы тағайындалды. Осы өзгеріске байланысты біріктірілген фаультеттер мен кафедралар қайта бөлініп «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы қалыптасты. Меңгерушілікті Ернишев Қайрат Асылбекұлы қайта жалғастырды. Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы өзінің көрегендігі мен тәжірибиесінің жоғарғы деңгейде екендігінің арқасында Жамбыл облыстық құқық қорғау органдарымен және сот құрылымдарымен етене байланыста болып болашақ заңгерлерді дайындау мақсатында көптеген игілі істер атқарды. Соның бірі факультетке декан болып тағайындалған жас заңгер, білімді де тәжірибелі Ушурова София Рамазанқызының қолдауымен кафедра жанынан кеңейтілген криминалистикалық лаборатория мен сыртқы палигонның ашылуы. Ашылу салтанатына облыстық соттың төрағасы, ІІБ-ның орынбасары, құқықтық статистика және ақпарат орталығының, кеден басқармасының басшылары қатысты.

2

Осы кезеңде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білікті мамандармен толықтырыла басталды Н.Ә. Биназаров, Д.Ш. Оразымбетов, Н.Ш. Төребеков, А

   2003-2004 оқу жылында Ернишев Қайрат Асылбекұлының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ– нің «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының ізденушісі ретінде тіркелуіне байланысты кафедра меңгерушілігін Тойғанбекова Шынар Малимбайқызы басқарды..Б. Бауберикова, Ж.Қ. Тұңғышбаев, Ә.Т. Керімқұлов, М.Б. Дегенбаев, Р.А. Нұржанов, Б.П. Жұмағұлова, А.Сакулов, Т. Кузенбаев, Д.Т. Бейсенбаев, Е.Ж. Бейісов, п.ғ.к. доцент Ш.М. Тойғанбекова, лаборатория меңгерушісі О.А.Шин.

«Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының қазіргі профессорлық-оқытушылық құрамындағы аға оқытушылар Қ.А. Ернишев, Н.Ә. Биназаров, Б.П. Жұмағұлова, А.Б. Бауберикова, Ж.Қ. Тұңғышбаев, М.Б. Дегенбаев кафедраның алғашқы қалыптасу кездерінен бері үздіксіз қызмет етіп келеді.

«Қылмыстық-құқықтық пәндер» деген атаумен 1999 жылы пайда болған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының, оқу-әдістемелік жұмысының негізі сол факультет пайда болған уақыттан бері жалғасып, 2000 – 2019 жылдар аралығында «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасын з.ғ.к., доцент Ернишев Қайрат Асылбекұлы абыроймен басқарды.

2019-2020 оқу жылында кафедра атауы білім беру бағдарламасына сәйкестендіріліп «Қылмыстық құқық және процесс» болып ауыстырылды. Қазіргі таңда кафедраны PhD, криминология докторы А.И. Газаев басқаруда.

КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

5В030100  - Құқықтану (бакалавр)

6М030100 - Құқықтану  (магистратура)

Top