"СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ" КАФЕДРАСЫ

sultanaev kenjebai 

СУЛТАНАЕВ КЕНЖЕБАЙ ТУЛЕНОВИЧ,

заведующий кафедрой, к. т. н., доцент

Контактный телефон: 8 (7262) 56-85-84

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Этотадресэлектроннойпочтызащищенотспам-ботов. Увасдолженбытьвключен JavaScript дляпросмотра.

Адрес: ул. Сатпаева, 28, 6.2.408

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы 2011 жылы «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының «Сәулет және құрылыс» кафедрасының негізінде құрылған. 1964 жылдан бастап кафедра құрылыс мамандарын дайындап келді.

Кафедраны әр кезде басқарғандар: Иванов А.А.(1964 – 1968); Сүндетов Ш. (1968 – 1971); Вагнер А.Е. (1972 – 1979); Дәнімбеков Ә.Т. (1979 – 1990, 1997 – 2001); Жүнісов Б.Ж. (1990 – 1992), Хомутов Б.А., Аяпбергенов Б.Б., Ашимов Е.У. (1977 – 1989), Исаков О.А. (2001 – 2002), Іңкәрбеков Н.О. (1992-1997, 2002 – 2011), Сұранқұлов Ш.Ж. (2011-2012). Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметінде т.ғ.к., доцент Сұлтанаев К.Т. еңбек етуде.

Әр жылдары кафедрада төмендегі мамандар қызмет атқарды: Рахмати К. – КСРО-ның архитекторлар одағының мүшесі; Тортаев И.Ә. – Тараз, Қордай, Шу аудандарының әкімі болған; Сингур И.И. – КСРО-ның еңбек сіңірген құрылысшысы; Жорабеков С.Ж. – Жамбыл облысы бойынша БАҚК-ң бастығы; Дембаев С.М. – ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің жауапты хатшысы, КСРО-ның архитекторлар одағының мүшесі; Рысбаев А.К. – Қазақ зілзала, беріктік және сәулет ғылыми-зерттеу институты (КазНИИССА) Жамбыл облыстық филиалының директоры, КСРО-ның архитекторлар одағының мүшесі.

Кафедра өзінің төмендегідей бітірушілерін мақтан тұтады: С.А. Қонақбаев және С. Абдрахманов – Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары; Тортаев И.Ә. – Тараз, Қордай, Шу аудандарының әкімі; техника ғылымдарының докторлары, профессорлар: Нұрмаханов Б.А., Исаков О.А., Садықов П.И., Жамбыл облысы кәсіпкерлер одағының төрағасы – Ұ. Оралбек.

Кафедрада арнайы аудиториялар бар. Олар: «Сәулеттік жобалау шеберханасы», «Құрылыс өндірісінің технологиясы» және «Инженерлік графика». Кафедра түлектерінің спонсорлық көмегімен бір арнайы аудитория іске қосылып, әр түрлі техника құралдарымен жабдықталған.

Кафедраның қызметкерлері оқытушылық жұмыспен қатар өндірістік - жобалау жұмыстарымен айналысады. Доценттер Е.Ашимов және И.Момбеков ТарМУ-дің жастар сарайының жобалауына, соғылуына атсалысты және қала, облыс көлеміндегі мәдени-әлеуметтік бағыттағы ғимараттарды жобалауға тұрақты түрде қатысып келеді. Профессор Ш.Ж. Суранкулов Тараз қаласындағы орталық мешіттің құрылысын жүргізуге басшылық жасады.

Кафедрада тұрақты түрде жұмыс жасайтын көрме ұйымдастырылған, бұл көрмеде біздің білімгерлеріміздің дайындаған үздік дипломдық және курстық жобалары қойылған.

Қала және облыс өндіріс орындарының, ұжымдарының тапсырысы бойынша нақты жобалар дайындау үшін білімгерлерді тартудамыз, доценттер Е.Ашимов және И.Момбековтың жетекшілігімен нақты курстық және дипломдық жобалар дайындалып, өндіріске енгізілуде.

IMG-20180625-WA0002

Кафедрада байқау арқылы анықталған студенттердің ең үздік курстық және дипломдық жұмыстарының көрмесі үнемі ұйымдастырылып және жаңартылып тұрады. Пәндік олимпиадаларда женімпаз атанған  студенттеріміз республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде.

Дипломдық жобалардың 30% доцент И.А.Момбековтың жетекшілігімен «Тараз Аркон» ЖШС-да «Сәулет» мамандығының білімгерлерінің қатысуымен орындалған нақты жобалар негізінде дайындалған. Сонымен қатар аға оқытушы М.Т.Ноғайбекованың жетекшілігімен Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық бағдарламасы бойынша көне Тараздың сәулеттік ескерткіштерін қайта жаңғырту тақырыптарына арналған дипломдық жобалар орындалды.

1   3

SAM 6755

Кафедраның ғылыми үйірмелеріндегі СҒЗЖ-ның элементтерін пайдалана отырып, сапалы макеттерімен және көлемдік-жоспарлау шешімдерінің балама варианттарымен дипломдық жобалар дайындалуда. Дипломдық жобалауды орындау кезінде кафедраның бюджеттік ғылыми жұмыстарында дайындалған азаматтық үйлерді жобалауға арналған типологиялық талаптар қолданылуда.

2019 жыдың 23-24 қараша аралығында Нұр – Сұлтан қаласындағы өкен І Республикалық «Өнер толқыны» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауына белсене қатысып, «Халық аспаптар орындаушылық» аталымы боынша үздік өнер көрсеткені үшін университетіміздің «Тұмар» ансамбілі бас жүлдені жеңіп алды. Осы байқауға 5В042000 – Сәулет мамандығының 2 курс студенті Асқаров Диас қатысты.

IMG-20191209-WA0044   IMG 20190418 121411

Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибесі аралығында 5В042000 – «Сәулет» және 5В0074500 – «Көлік құрылысы» мамандығының білімгерлері Тараз қаласының көрнекі мәдени жерлеріне, соның ішінде: Қали Жүніс моншасы, Айша бибі және Қарахан баба, Тектұрмас кесенелерінің сәулеттік шешімдерімен, қолданылған құрылыс тәсілдерімен танысып, өлшеу зерттеу пленэр жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар басқа қалаларға (Түркістан, Астана) сапарға шығып, тәжірибелерді өткізеді.

SAM 6548

Қазіргі уақытта кафедрада: 1 – профессор, 1 – ТарМУ профессоры, 9 – доцент және ғылым кандидаттары, 5 – аға оқытушылар және 3 – оқытушы  қызмет атқарады.

КАФЕДРА ТӨМЕНДЕГІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ:
- 6В07318 – Қалалық орта саулеті
- 6В07317 – Тұрғын және қоғам үйлердің сәулеті
- 6В07319 – Автомобиль жолдарын салу және пайдалану

 

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Top