«МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ АГРОНОМИЯ» КАФЕДРАСЫ

9

ЕСТАЕВ ҚУАТ ӘБЕНҰЛЫ 

кафедра меңгерушісі, а-ш.ғ.к., доцент

Байланыс телефоны: 8 (7262) 56-85-82
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-313

«Мелиорация және агрономия» кафедрасының негізі 1962 жылы қаланып, ол «Ауылшаруашылық мелиорациясы» деп аталған. Онда бар болғаны 3 оқытушы қызмет атқарған: ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Бабаев Н.Х.-кафедра меңгерушісі, Зарубаев Ғ.М., Мамытбаев К.М.-оқытушылар. Кейінгі жылдары кафедраның аты өзгеріп отырған.M I A KAFEDRA SOSTAVY1

Солдан оңға қарай отырғандар, үшінші– «Мелиорация» кафедрасының меңгерушісі Бабаев Назарат Халиллович. Тұрып тұрғандар,
солдан оңға қарай: Бабаев Т.Х., Зарубаев Г.М., Мамытбаев Кудыш, 1962ж.

1968-1972 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Горюнов Н.С. атқарған. Осы кезде кафедра құрамында техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжанов Ә.А.; ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Дәрімбетов О.Д. жұмыс істеген.

Аталған жылдары кафедрада шаруашылық есеппен және мемлекеттік қаржыландыру негізінде ҚССР-сының «Мелиорация және су шаруашылығы
министрлігі» тапсырысы бойынша көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Күріш суғару жүйелерін пайдалану және күріштің суғару тәртібін зерттеу» тақырыбы бойынша Рау А.Г. кандидаттық диссертация қорғаған.
1972-1983 жылдар аралығында кафедраны т.ғ.к., доцент Серікбаев Б.С. басқарды. Осы кезде кафедра білікті мамандармен толықты. Атап айтқанда кафедрада т.ғ.к., доцент Зарубаев Ғ.М.; т.ғ.к., доцент Лопатин В.Л.; т.ғ.к., доцент
Сергелбаев Қ.Б.; аға оқытушы Исабай С.И., аға оқытушы Сушкова Е.В., аға оқытушы Филатьева О.Н., оқытушылар Жданов Г.Н., Константинов В.М., Беркалиев М.А., Баранов Р.Н., Ибраимов Б.И. қызмет атқарған.
M I A KAFEDRA SOSTAVY2

«Мелиорация» кафедрасы, 1985 жыл. Солдан оңға қарай, отырғандар: Зарубаев Г.М., Серикбаев Б.С., Шатанов А.А., Беркалиев М., Исабаев С.И., Солдан оңға қарай, тұрып тұрғандар: Кожахметов М., Сейітқазиев Ә.С., Мұстафаев Ж.С., Ильина И.Г., Накенова Н., соңғы-Мұсабеков Қ.Қ.

1970-1992 жылдар аралығында ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Дәрімбетов О.Д. жетекшілігімен «Қазақстанның қант қызылшасын өсіретін суғармалы егістік аймақтарындағы ауылшаруашылық дақылдарының суғару тәртібі мен тәсілдері», «Тұзданған жерлерді шаю технологиялары және сол жерлерден жоспарланған өнім алу» тақырыбында Мұстафаев Ж.С., Сейтқазиев Ә.С., Құлдүйсенов А., Анафин М.Ш. ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 1982-жылы Мұстафаев Ж.С., 1988 жылы-Сейтқазиев Ә.С., 1994 жылы-Абжапаров Б.М., 1998 жылы- Анафин М.Ш. кандидаттық, ал 1992 жылы-Мұстафаев Ж.С. докторлық диссертациялар қорғаған.

Сонымен қатар аталған жылдары кафедрада т.ғ.к., доцент Серікбаев Б.С. жетекшілігімен «Ақаба суларды ауылшаруашылығында пайдалану»
тақырыбында «Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі» тапсырысы бойынша көлемді ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылған. Зерттеу
жұмыстарының негізінде доцент Серікбаев Б.С. 1987 жылы докторлық диссертация, ал 1996 жылы кафедра оқытушысы Мұсабеков Қ.Қ. кандидаттық диссертация қорғаған.
1984-1985 жылдары кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Дәрімбетов О.Д.; 1986-1988 жылдары - т.ғ.к., доцент Шатанов А.А.; 1988-1990 жылдары – т.ғ.д., профессор Серікбаев Б.С. қызмет атқарған.
1990-1993 жылдары аралығында кафедра «Агромелиорация» деп аталып,
кафедра меңгерушісі қызметін а.ш.ғ.к., Балғабаев Н.Б. атқарған. Осы жылдары кафедра жанындағы «Суғару полигоны» қолға алынып, көкөніс дақылдары өсіріле бастаған. Студенттердің оқу тәжірибелері осында өткізілетін болған.
1993 жылдан бастап кафедра «Гидромелиорация» деп аталып кафедра меңгерушілігіне т.ғ.д., доцент Мұстафаев Ж.С. тағайындалған. Ол 1993-2002 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылдары кафедра құрамы бірқатар ғылым кандидаттарымен толыққан: Абжапаров Б.М., Мұсабеков Қ.Қ., Анафин М.Ш., Қозыкеева Ә.Т.


M I A KAFEDRA SOSTAVY3

«Гидромелиорация» кафедрасы, 1998 жыл.
Бірінші қатарда отырғандар, солдан оңға қарай: Зарубаев Ғ.М., Жүмәділова Ү., Қалдаров М.Қ., Мұстафаев Ж.С., Алметова Ұ.С.; екінші қатар, солдан оңға қарай: Нақыпбеков Қ.Б., Сейітқазиев Ә.С., Ищанов М., Қозыкеева Ә.Т., Исабаев С.И., Мұсабеков Қ.Қ.; үшінші қатар:Түймебаев Ж., Анафин М.Ш., Ізбасов Н.Б., Омаров Қ., Нұрабаев Д.М., Тлеуқұлов А.Т.

2002-2004 жылдары кафедра «Жерді мелиорациялау және рекультивациялау» деп аталған. Осы жылдары кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Нұрабаев Д.М. атқарған. Осы жылдары кафедрада «Фермерлік іс» және «Агрономия» мамандықтары ашылған.

2005 жылдан бері кафедра «Мелиорация және агрономия» деген атқа ие болған, оны техника ғылымдарының докторы, профессор Ж.С. Мұстафаев
басқарған.
1993 жылдан бері кафедраның негізінде аймақтық кандидаттық, ал 1998 жылдан докторлық диссертацияларды қорғау Кеңесі жұмыс істеген. Кеңестің
төрағалығына т.ғ.д., профессор Мұстафаев Ж.С. тағайындалған. 2011 жылға дейін бұл диссертациялық кеңесте 78 кандидаттық, 8 докторлық диссертация қорғалған.
Осы жылдары кафедра ғылыми дәрежесі, білікті профессор-оқытушылармен қамтамасыз етілуі жағынан университет кафедраларының ішінде алдыңғы қатардан орын алған. Кафедрада 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаттары, 4 магистр оқытушы қызмет атқарған.
2015 жылдың қыркүйек айында «Мелиорация және агрономия»
кафедрасының меңгеруші қызметіне т.ғ.к., доцент Мұсабеков Қ.Қ. сайланған.

M I A KAFEDRA SOSTAVY4

«Мелиорация и агрономия» кафедрасы, 2016 жыл.
Бірінші қатар, солдан оңға қарай: Турсунбаев Х.И., аға оқытушы; Мұсабеков Қ.Қ., т.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі; Сейітқазиев Ә.С., т.ғ.д., профессор; Хожанов Н.Н., а/ш.ғ.к., доцент; солдан оңға қарай тұрып тұрғандар: Садуақасов Н.Е., инженер, а/ш.ғ. магистрі; Тойбеков С.М., аға оқытушы, а/ш.ғ. магистрі; Естаев Қ.Ә., а/ш.ғ.к., доцент м.а.; Жабалбаев Ғ.Е., зертхана меңгерушісі; Асқанбек А.А., аға оқытушы, а/ш.ғ. магистрі; Алметова Ұ.С, лаборант; Ізбасов Н.Б., т.ғ.к., доцент м.а.; Жақанов М.А., аға оқытушы,т.т. магистрі, Уразбаев Ғ.У., лаборант, а/ш.ғ. магистрі.

2011-2013 жылдар аралығында кафедра оқытушылары Қытай халық Республикасының ШХЗИ университетінің ғалымдарымен «Жамбыл облысында қант қызылшасын тамшылатып суғару арқылы өсірудің технологиясы» атты халықаралық ғылыми жобаға қатысқан. Жобаны орындаушылардың қатарында кафедра оқытушылары т.ғ.к., доцент Нұрабаев Д.М., т.ғ.к., доцент м.а. Ізбасов Н.Б., инженер Масатбаев Қ.Қ. болған.

Кафедра түлектері өндірістің әртүрлі салаларында жұмыс істейді және ғылым мен білім беру қызметін дамытуға өз үлестерін қосуда: Қошқаров С.И. – т.ғ.д., профессор, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры; Мухаметжанов В.Н. – э.ғ.д., ҚР АШҒА мүше-корреспонденті, Вагапов Р.И. – т.ғ.д., ҚР АШҒА мүше-корреспонденті, ҚазҰТУ профессоры;
Қарлыханов Т.К.- т.ғ.д., профессор, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры; Мұстафаев Ж.С. - т.ғ.д.,
профессор, ҚР АШҒА академигі; Жұмабеков Ә.Ә. – а-ш.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА академигі; Қойбақов С.М. – т.ғ.д., ҚР АШҒА академигі, М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры; Ибатуллин С.Р. – т.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА мүше-корреспонденті; Громов С.Н. – Қазақстан Республикасы Сенат парламенті төрағасының орынбасары; Балғабаев Н.Н.- а.ш.ғ.д., «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас
директоры; Тлеуқұлов А.Т.-а.ш.ғ.д., КазҰАУ-ның қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; Аймен А.Т. – э.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА академигі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің технологиялық факультетінің деканы.
Кафедрада 2 арнайы зертханалар: мелиоративтік топырақтану зертханасы;
егіншілік және өсімдік шаруашылығы зертханасы және оқу-тәжірибе танабы бар.
Оқу-тәжірибе танабы кафедрадағы көптеген пәндерден жекелеген зертханалық-машықтану сабақтарын жүргізуге, сондай-ақ оқу және өндірістік тәжірибелерді жүргізуге арналған. Оқу-тәжірибе танабының ауданы 1,5 гектарды құрайды. Онда әртүрлі жеміс-жидек ағаштары отырғызылған және тамшылатып суғару жүйесі жұмыс істейді.
Кафедра Қазақстан Республикасының ғылыми және өндірістік кәсіпорындарымен тығыз байланыста.
Олардың қатарында:
- «А.Н. Костяков атындағы Бүкілресейлік Гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институты», Ресей Федерациясы, Москва қаласы.
- «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механизациялау институты», Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы.
- «Қырғыз аграрлық академиясы», Қырғызстан Республикасы, Бішкек
қаласы.
- «Қазақ су шаруашылығы, ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,
«Таразсушар» РМК, «Оңтүстіксушар» РМК, «Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РМК, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы.

«МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ АГРОНОМИЯ» КАФЕДРАСЫНДА ДАЙЫНДАЛАТЫН МАМАНДЫҚТАР:

5В080100-«АГРОНОМИЯ» (биология, химия) - БАКАЛАВРИАТ
5В081000-«МЕЛИОРАЦИЯ, ЖЕРДІ БАПТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ» (математика, физика) - БАКАЛАВРИАТ
6М081000-«МЕЛИОРАЦИЯ, ЖЕРДІ БАПТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ» -МАГИСТРАТУРА
6D081000-«МЕЛИОРАЦИЯ, ЖЕРДІ БАПТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ» -ДОКТОРАНТУРА

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ

КАФЕДРАНЫҢ ШЕТЕЛДІК ЖОО-мен ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

КАФЕДРАДА ДАЙЫНДАЛАТЫН МАМАНДЫҚТАР

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Top