Биология кафедрасы
tumenbaeva nagima

ТҮМЕНБАЕВА  НАҒИМА ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

кафедра меңгерушісі, PhD, доцент

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-75-70

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-304

 

«Биология» кафедрасы - университет қабырғасында алғаш құрылған кафедралардың бірі.
1996-1998 жылдары «Жаратылыстану ғылымдары пәндері» кафедрасы, 1998-2001 жылдары аралығында «Биология және экология» кафедрасы, 2001-2002 жылдың басында «Биология» кафедрасы бөлініп шықты.
1998 жылдан бастап «Биология» мамандығы бойынша маигистранттар дайындалуда.
Кафедра білімгерлерді оқыту, магистранттарды дайындау және ғылыми зерттеулердің тақырыбын таңдау халықаралық қатынастар арқылы бірігіп жасаған білім мен ғылыми жобаларға, европалық тәжірибелерге сүйене отырып іске асырылады.
«Биология» кафедрасының тұрақты шетелдік серіктестері: Экология және су мәселелері (Ресей Федерациясы, Сібір филиалы, институт директоры г.ғ.д., профессор Ю.И.Винокуров), Х.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қырғыстан суландыру ғылыми-зерттеу институты, Ташкент суландыру және мелиорация институты, Табиғатты пайдалану Мәскеу мемлекеттік университеті, Болон университеті (Италия, профессор Паоло Цурлы), Ташкент мемлекеттік техникалық университеті.
Оқытушылардың және білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде электронды кітаптар мен зертханалық тәжірибелік сабақтар түрінде және ғылыми-педагогикалық кадрларды, магистранттар дайындау кезінде пайданылады.
Кафедра тәжірибелік жұмыстар жүргізу кезінде білімгерлер арасында тәрбиелік, құқықтық, эстетикалық экологиялық және саяси көзқарастарды қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқару көзделген. Даму стратегиясын жүзеге асыру бағытында, кафедра индустриялды, халықтың-әлеуметтік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық технологияны жаңарту мәселелерін шешу талаптары жоспарға қойылған. «Биология» кафедрасында жаңа заманауи үлгіде жабдықталған «Микробиология және вирусология», және «Биохимия және экотоксикология» зертханалары жұмыс істейді.

КАФЕДРА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР ДАЙЫНДАЙДЫ:

5В060700  - Биология (бакалавр)

6М060700 - Биология (магистратура)

 

2019-2020 оқу жылынан бастап кафедрада келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

6В05112- Жалпы биология

6В05111- Медиктік-биологиялық іс

7М05111- Жалпы биология (магистратура) 

Top