Экология кафедрасы

 madalieva elmira

 МАДАЛИЕВА ЭЛЬМИРА БЕГАЛИЕВНА,

кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны: 8 (7262) 42-63-83

E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-407

 

«Экология» кафедрасы 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институты жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Биология және экология» кафедрасының негізінде қаланған, және 2004 жылы  педагогикалық институтының бөлінуінен кейін М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-ң жаратылыстану-әлеуметтік ғылымдары факультетінде «Экология» кафедрасы жаңадан ашылды.
Кафедрада білімгерлерді оқыту, магистранттарды,  докторанттарды дайындау және ғылыми зерттеулердің тақырыптарын таңдау халықаралық қатынастар арқылы бірігіп жасаған білім мен ғылыми жобаларға, европалық тәжірибелерге сүйене отырып іске асырылады.
Кафедра білімгерлерге жан-жақты тәрбие беру мақсатында тәрбиелік, құқықтық,  әдістемелік, ұйымдастыру-экономикалық негізімен қамтамасыз етілген және олар кураторлардың тәрбиелік жұмыс жоспарларында, кафедра мен факультеттің іс-шараларында қарастырылған. Оқу жоспарлары жетекші эксперттер, профессорлар мен экология және география бойынша мамандардың көмегімен жасалынады. Білімгерлер, магистранттар мен докторанттардың теориялық білімдері кафедраның лабораториясында, тәжірибе кезінде экология департаментінде; су, жер, табиғат қорларын тиімді пайдалану басқармаларында, су шарушылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институтында және қала мен облыстың кәсіпорындарында  тереңдетіледі.

КАФЕДРА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР ДАЙЫНДАЙДЫ:

5В060800 - Экология (бакалавр)

5В060900 - География (бакалавр)

6М060800 - Экология (магистратура)

6M091100 - Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару (магистратура)

2019-2020 оқу жылынан бастап кафедрада келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

6В05211-«Экология және табиғатты қорғау ісі»

6В05212-«Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы»

6В05213-«Экология және табиғатты пайдалану»

6В05214-«География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі»

7М05211-«Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару»

7М05212-«Өнеркәсіптік экологияны басқару» 

Top