Жерге орналастыру және кадастр кафедрасы 

 

Ahmetov

 

АХМЕТОВ ЕРҒАЛИ СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,
кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент


Байланыс телефоны: 8 (7262) 42-53-98
E-mail:
Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-203

 

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылымды реформалауда жүріп жатқан өзгерістерден жер қатынастарын реттеу түбегейлі реттеудің қажеттілігі туындады.
Республикамыздың Оңтүстік аймағында жерге орналастырушы - мамандардың жетіспеушілігі айқындалды. «Жерге орналастыру» мамандарын дайындауға - Жамбыл облысы жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша комитетінің төрағасы Александр Кузьмич Ремша өз үлесін қосқан еді.
1993 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты (қазір М.Х.Дулати атындағы ТарМУ), «Гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру және технологиясы» кафедрасы базасында «Жерге орналастыру» мамандығы ашылды. Әр жылдары кафедраны басқарғандар: т.ғ.к., доцент Каюмов И.А., т.ғ.д., профессор Сенников М.Н., т.ғ.к., доцент Мусин Ж.А., т.ғ.к., профессор Қойбақов С.М., а/ш.ғ.к., доцент Омарова Ғ.Е. 2008 жылдан бері Ахметов Е.С. кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
1993-1996 жылдары т.ғ.д., профессор Сенников М.Н «Жерге орналастыру» кафедрасын үш жыл бойы басқарды. Жерге орналастыру және жерге орналастыру жұмыстарын жобалауда, оқу-әдістемелік әдебиеттер базасын қалыптастырды. ПОҚ-ң ғылыми мақаларының баспадан шығу саны көбейді.
1996-1999 жылдары арасында «Жерге орналастыру» кафедрасынт.ғ.к.,доцент Мусин Ж.А басқарды. Сол жылдары кафедраның материалдық-техникалық базасы күшейді. Сонымен қатар оқытылатын пәндер бойынша тереңдетілген арнайы аудиториялар (лекциялар, зертханалар және тәжірибелік) ашылды.
1998 жылы мамандық жеке кафедра болып бөлініп шықты, осы жылы инженер - жерге орналастырушылардың алғашқы түлектері бітірді. 1998 жылы «Кадастр» мамандығы ашылды.
1999-2001 жылдары т.ғ.д., профессор Қойбақов С.М. «Жерге орналастыру» кафедрасын басқарды. Оның жетекшілігімен шаруашылық есебі бойынша келісім шарттар бекітіліп,ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2001-2008 жылдары «Жерге орналастыру» кафедрасын а-ш.ғ.к., доцент Омарова Ғ.Е басқарған жылдары кафедраның материалдық-техникалық базасы нығайды, ғылыми әдістемелік құралдар жоспардан тыс орындалды және бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді.
Кафедраның қазіргі меңгерушісі Ахметов Е.С. ұсынысымен оқу-тәжірибелерін жүргізуге арналған жаңа үлгідегі геодезиялық аспаптар, жаңа бағдарламалар қамтамасыз етілді және өндірістен кафедраның филиалы ашылды.
1998 жылы жерге орналастыру мамандығы өз алдына жеке кафедра болып құрылды және осы жылы бірінші инженер-жерге орналастырушы мамандығының алғашқы түлектері оқу бітірді. Кәзіргі уақытта кафедра білім беру бағдарламалары бойынша жаңа форматтағы мамандарды даярлауда: 6В07311-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау», 6В07312 - «Жер ресурстары», 7М07311 - «Жер ресурстарын басқару»


jerge ornalastyru kafedrasy«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ұстаздар қауымы 

Кафедрада қазіргі таңда 2 профессор, 3 ғылым кандидаттары, доценттер, 1 PhD доктор және 6 аға оқытушы, оқытушы, зертхана меңгерушісі және оқу шебері магистрлер қызмет етеді.

Кафедра келесі білім беру бағдарламалар бойынша бакалавриат және магистратура мамандарын дайындайды:
6В07311-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау»
6В07312 - «Жер ресурстары»
7М07311 - «Жер ресурстарын басқару»

Top