Құрылыс және материалдар өндіру кафедрасы 

 MOLDAMURATOV JANGAZY

 

МОЛДАМҰРАТОВ ЖАНҒАЗЫ НҰРЖАНҰЛЫ
кафедра меңгерушісі, доктор PhD, доцент

Байланыс телефоны: 8 (7262) 50-14-65
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-317

 

Кафедраның ең алғашқы атауы «Құрылыс конструкциялары» болып 1965 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының (ЖГМҚИ) құрамында ұйымдастырылған. Кафедраның бірінші меңгерушісі Э.Г.Дигель болды. Эдгард Генрихович Қазақ ауылшаруашылығы институтының гидромелиорация факультетінің түлегі еді. Ол кісі кафедраны 1965-1973 жылдары басқарды. Сол жылдары ол кафедраның қалыптасуына, оқытушылар құрамын дайындауға, оқу процессін ұйымдастыруға және оқу-әдістемелік базаны нығайтуға көп күш жігерін жұмсады. Осы жылдары кафедрада Қазақ ауыл шаурашылық институты түлектері - Корхов Юрий Вадимович, Джакашев Эдгар Шайдуллаевич және т.б. жұмыс істеді.
Сол жылдардағы институт басшылары бітіруші түлектердің ішінен кафедра оқытушыларын даярлауға көп үлес қосты. Олар Қ.Е. Ермұханов, З.В. Балгереева, М.М. Қалиев, Т.М. Бабаев, П.Е. Шилин, Б.Ә. Әлімбаев, Ө.А. Башаров, Л.В. Хан және т.б. Каефдре бірінші рет 56 инженер құрылысшыны 1967 жылы дайындап шығарды. Ол кезде профессор оқытушылар құрамында 1 ғылым кандидаты және 1 зертхана жұмыс жасады. Кафедраның базалық оқу корпусы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Ы.Сүлейменов көшесіндегі №3 корпусында орналасты.
Кафедраның жалпы қызметі кезінде оның қалыптасуына, зертханалық базаларды құруға және оқу-әдістемелік құралдарды қамтамасыз етуде көптеген сол жылдары кафедрада еңбек еткен ЖГМҚИ түлектерінің зор және тынымсыз еңбектері арқылы болды. Олар: З.В. Балгереева, М.М. Қалиев, т.ғ.к., доценттер Башаров У.А., Үсенбаев Б.Ү., Жанұзаков Б.Б., Байтұрсынова Н.З., Шөрекенов О.Е., Іңкәрбеков Н.О., Байтеміров М.Н., Момбеков И.А., Қазахбаев Ж.К., Наширалиев Ж.Т., Шилібеков С.К., т.ғ.д., профессорлар Әлімбаев Б.Ә., Оспанова М.Ш., Сұранкулов Ш.Ж., Бекбасаров И.И., оқытушылар Локтин И.А., Воликов В.Н.

Содан кейінгі жылдары оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты, тоқырау жылдарының әсерінен және Тараз қаласындағы институттардың бір үлкен Тараз мемлекеттік университеті болып қайта бірігуіне байланысты кафедра «Инженерлік және құрылыс конструкциялары», «Құрылыс материалдары және конструкциялары», «Сәулет және құрылыс», «Құрылыс материалдары мен конструкциялары» болып аталып жүрді. Осы аралықтарда 1965 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі қызметін: профессор Исаханов Е.А., доцент Төкенов М.Т., доцент Байтұрсынов Д.М., доцент Ермұханов Қ.Е., доцент Әлімбаев Б.Ә., доцент Үсенбаев Б.Ү., доцент Үкібаев Е.Ү., профессор Сағындыков А.Ә., профессор Іңкәрбеков Н.О., академик Сүлейменов Ж.Т., профессор Ахметов Ә.С., профессор Жүгінісов М.Т. атқарған. Бүгінде кафедра меңгерушісі қызметін PhD доктор, доцент Молдамуратов Жанғазы Нұржанұлы атқарып келеді.
Қазіргі таңда кафедра «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша бакалавр және магистр мамандарын даярлайды.
Кафедраның қазіргі ұстанған негізгі даму бағыты: жаңа инновациялық технологияларды оқу үрдісіне белсенді енгізу; халықаралық және республикалық ғылыми гранттарға қатысу; шаруашылық есептегі ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындау; ғылыми мамандарды дайындау; ғылым мен өндірістің тығыз байланысын қамтамасыз ету; ғимараттар мен құрылымдардың зілзалаға төзімділігін анықтау мен арттырудың ғылыми- техникалық шешімдерін дайындау; конструктивтік сызуларды беру; пайдаланудағы ғимараттарды қайта жаңғырту және қалпына келтіруге қатысу және осы негізде білімгерлердің ғылыми-зерттеу топтарын құру. Кафедра білімгерлері аталған жылдары ЖГМҚИ және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттік құрылыс отрядтарының (СҚО) негізі болып келіп, көптеген нысандар салып жетістіктерге жетті.
Қазіргі кезде кафедра құрамында: техника ғылымдарының докторлары Ж.Т.Сүлейменов, Б.Ә.Әлімбаев, А.Ә.Сағындыков, И.И.Бекбасаров, техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер Қ.Е.Ермұханов, Б.Ү.Үсенбаев, С.Қ.Нұрпеисов, Г.М.Баялиева, Үкібаев Е.Ү., Молдамуратов Ж.Н., аға оқытушы-магистрлер А.А.Игликов, Н.Т.Қарабаев, С.Ж.Тәттібаев, А.К.Медетов, Ж.Т.Иманбердиева, Н.А.Шаншабаев, Тұрмаханбетова А.Б. жұмыс істеуде, олар жоғары білікті мамандарды дайындауда үлкен жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда кафедрада 4 арнаулы аудитория, 1 компьютерлік класс, 4 арнаулы оқу зертханасы және профессор Сағындықов Ә.А. басқаратын ғылыми-зерттеу химиялық технологиялар орталығы (ХТО) бар.

Кафедра түлектері құрылыс саласында, нысандарында, эксплуатациялық мекемелерде және құрылыс зауыттарында, қалалық және аудандық, республикалық және де жобалау институттарында табысты еңбек атқарып жатыр.
«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының ұжымы білім беру саласында белсенділік таныта отырып, оқытушылар мен кафедра құрамының бірлескен еңбегінің арқасында нағыз құрылыс мамандарын, жаңа өнімдерге жауап беруші мамандарды тәрбиелеп шығарып жатыр.
Аталған жылдары біздің шығарған түлектердің арасында әртүрлі деңгейде көрініп, жетістікке жетіп жүрген бұрынғы студенттерімізді мақтан тұтамыз. Олар:
С.Конакбаев - бокстан әлем кубогінің иегері, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР-нің Мәжіліс депутаты.
С.Абдрахманов, И.Әлімжанов - ҚР-ның Мәжіліс депутаты.
А.Мұсабеков - самбодан әлем чемпионы.
Ә.Ахатаев – Жамбыл облысы әкімдігінің көлік және құрылыс басқармасының бастығы.
С.Жорабеков, Д.Ынтықбаев – Жамбыл облыстық МСҚББ-ның бұрынғы басшысы;
Д.Әлиев – Талас ауданының әкімі.
Ғ.Абдраимов – Тараз қаласының әкімі.
И.А.Тортаев – Тараз қаласының бұрынғы әкімі, Жамбыл облысы әкімінің жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу жұмыстарымен қатар белсенді түрде зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Кафедра оқытушыларының 8 докторлық диссертация, 20-дан астамы кандидаттық диссертация дайындап қорғаған. 20-дан астам монография, 30 оқу құралы, 1000-ға жуық ғылыми мақалалалары жариаланды, 170-ке шамалас КСРО патенттері мен авторлық куәліктері және Қазақстан Республикасының патенттері алынды.
Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу бағыттары – құрылыс нысадарының сенімділігін зерттеу, есептеу және жобалау; өнеркәсіп қалдықтары мен табиғи шикізат негізінде жаңа тиімді құрылыс материалдарының құрамы мен технологиясын жасау.
Кафедра ТМД мемлекеттерінің және республиканың ірі оқу орындарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Олардың арасында: Ресей құрылыс академиясы, Химия-технологиялық университет, Новосібір инженерлік-құрылыс университеті, Бішкек мемлекеттік сәулеттік-құрылыс академиясы, Ташкент сәулет-құрылыс академиясы, Қазақ Бас сәулет- құрылыс академиясы (ҚазБСҚА), ҚазҒЗИ (КазНИИССА), Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда МУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ және т.б. бар.

Құрылыс және материалдар өндіру кафедрасы

КАФЕДРА ОСУЩЕСТВЛЯЕТ ПОДГОТОВКУ СПЕЦИАЛИСТОВ ПО СЛЕДУЮЩИМ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМ ПРОГРАММАМ БАКАЛАВРИАТА И МАГИСТРАТУРЫ:

Бакалавриат

5В072900 - Строительство
5В073000 - Производство строительных материалов, изделий и конструкций

С 2019-2020 учебного года реализуются новые образовательные программы бакалавриата

6В07314 – Производство соврменных отделочных материалов

6В07315 – Инженерные системы и коммуникации зданий и сооружений

6В07316 – Строительство и эксплуатация зданий и сооружений

6В07320 – Производство бетонных и керамических материалов

Магистратура
6М072900 - Строительство
6М073000 - Производство строительных материалов, изделий и конструкций

С 2019-2020 учебного года реализуются новые образовательные программы магистратуры

7М07312 – Инновационные технологии и исследования в строительстве (научно-педагогическое, 2 года)

7М07313 – Современные строительные материалы (профильное и научно-педагогическое)

7М07314 – Строительный инжиниринг (профильное, 1 год)

Top