Өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі кафедрасы          

 Sarbasova

САРБАСОВА ГУЛЬМИРА АЗИМБАЕВНА,

кафедра меңгерушісі, доцент, т.ғ.к.

Контактный телефон: 8 (7262)42-53-94

E-mail: gulimjan@mail.ru

Адрес: ул.Сатпаева, 28, 6.2-107ауд

 

2005 жылы мамыр айында «Геоэкология» және «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедралары бірігіп «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы құрылды, оған меңгеруші болып – а.ш.ғ.д., профессор Әбен Әбдірашұлы Жұмабеков бекітілді. 2016 жылы кафедра меңгерушісі болып – т.ғ.к., PhD-доктор, доцент м.а. Зура Есенкелдіқызы Бимурзаева тағайындалды. 2019 жылдың қазан айынан бастап кафедра меңгерушісі болып - т.ғ.к., доцент Гульмира Азимбаевна Сарбасова бекітілді.
Кафедра Қазақстан Республикасының ғылыми және өндірістік кәсіпорындарымен тікелей байланыста. Олардың қатарында: Жамбыл облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент; Жамбыл облысы экология департаменті; Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі Республиканың ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл облыстық филиалы; «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің филиалы т.б. бар.
Кафедра қызметкерлерінің біліктілігін, педагогикалық деңгейін жетілдіру және ғылыми дәрежесін жоғарылату үшін төмендегідей оқу орындарымен келісім шартқа отырған: Қырғыз аграрлық университеті, Ресейдің жеңіл және тоқыма өнеркәсібі институты, Санк-Петербургтің мемлекеттік политехникалық университеті, Белорусияның мемлекеттік техникалық университеті, Ташкенттің ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институты, Қырғыз-Россия-Славян мемлекеттік университеті.
2018 жылдан бастап Жамбыл облысы экология департаментінде кафедра филиалы ашылды. Қазіргі уақытта ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облыстық ТЖ департаментінде филлиалды ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

КАФЕДРА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР ДАЙЫНДАЙДЫ:

5В073100 - "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі" (бакалавриат)
6М073100 - " Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі" (магистратура)

2019-2020 оқу жылынан бастап кафедрада төмендегідей мамандықтар дайындайды

6В11201 – «Техносферадағы өмір тіршілік қауіпсіздігі»
7М11212 – «Техносферадағы өмір тіршілік қауіпсіздігі» (2 жылдық) (магистратура)
7М11211 – «Техносферадағы өмір тіршілік қауіпсіздігі» (1 жылдық, бейіндік) (магистратура) 

Top