fdo

Сырттай оқыту факультеті Тараз мемлекеттік университетінің сырттай оқытатын екі факультеті:  сырттай инженерлі – экономикалық және сырттай гуманитарлық факультеттерінің негізінде 2008 – 2009 оқу жылында құрылды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі сырттай және қашықтан оқыту институтының тарихы,  Мемлекеттік университетке біріктірілген ЖОО-ғы (Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты және Жамбыл педагогикалық университеті) сырттай оқыту факультеттерінің тарихымен тығыз байланысты.
Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының өндірістен үздіксіз мамандар даярлау, кешкі және сырттай оқыту түрімен байланысты және бұл алғашқы есеп бойынша 1958 жылы құрылған. 1958 жылы Қазақ химия технологиялық институтының Жамбыл филиалы алғашқы білімгерлерін қабылдады, филиал басшысы болып Х.С. Сеитов тағайындалды. 1961 – 1962 оқу жылында филиал аясында кешкі сырттай оқыту факультеті ашылды, факультеттің алғашқы декандары:  С. Айтжанов, Б.Г. Инкаров,  К.А. Альманбетов,  А.А. Адилов. Ары қарай Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтындағы сырттай оқытуды ҚР ҰҒА қазіргі академигі У.К. Мадиев, доцент Д.Д. Нурпеисов, Х.Л. Кешаниди, С.С. Қожабеков,т.ғ.д., профессор М.С. Сахиев және басқалар басқарды.  
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, 1962 жылдың мамыр айында Қаз ССР үкіметінің шешімімен Алматы қаласының Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультетін  Жамбыл қаласына ауыстыру нәтижесінде құрылған. 1962 – 1965 жылдар аралығында тек «Гидромелиорация» мамандығына өндіріспен ұштастырылатын мамандар дайындалды. Кейінгі жылдары (1965 – 1985 ж.ж.) ЖГМҚИ-нің лабораториялық базасын құрал – жабдықтарының қамтамасыз етілуі мен дамуына байланысты: «Мелиоративті жұмыстың механизмі», «Гидротехникалық құрылыс», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Сумен қамтамасыз ету және канализация», «Су және ауыл шаруашылығының экономикасы», «Гидромелиоративті жүйенің құрылысы», «Гидромелиоративті жүйенің эксплуатациясы», «Ауыл шаруашылығын сумен қамту және жер астын суландыру», «Ауыл шаруашылық құрылысы» және т.б. жаңа мамандықтар ашылды. 
80 – 90 жылдары халық шаруашылығына ауыл, су шаруашылықтарының және құрылыстың жоғары білікті мамандары қажеттілігінен бірқатар жаңа мамандықтар ашылды: «АПК-ғы экономика мен ұйымдастыру», «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы», «Автомобиль жолдар құрылысы», «Электр механикасы», «Электрмен қамту» және т.б.
Факультетте жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Олар: академиктер – Жулаев Р.М., Сүлейменов Ж.Т., профессорлар – Горюнов С.Н., Серікбаев Б.С., Абдураманов А.А., доценттер Ким С.С., Даримбетов У.Д., Долженко Б.Ф., Қалдаров М.К., Ибраев Д.М., Ақжанов А.А., Өтегалиев Т.Т. және басқалар. ЖГМҚИ-ның сырттай оқу бөлімінің бірінші деканы т.ғ.к., доцент Баймұхамбетов М.В. болды, кейінгі жылдары факультетті П.У. Ундашев, т.ғ.к., доцент К.Е. Ермұханов, қазіргі ҚР ҰҒА академигі Ж.Т. Сүлейменов, т.ғ.д., профессор М.Н. Сенников, т.ғ.д., профессор Ш.Ж. Сұранқұлов басқарды. 
Қазіргі уақытта университет түлектері Г. Абдихаликова – ҚР премьер министрінің орынбасары, М.Ж. Жаманбаев – Манғыстау облысы  ішкі істер департаментінің  бастығы қызметін атқарса, С.Абдрахманов, Ш.Исабеков, А.Савченко, Б.Артаевтар  елімізге белгілі зиялы азаматтар
Соңғы он жылдықта М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің құрамында, сырттай оқу түрі бойынша нормативті және регламентті құжаттардың жасау әдісі мен формалары, міндеттері, мақсаттары алдыңғы тәжірибелі  оқу үрдісін ұйымдастырудың сырттай оқыту түрін дамытудағы болашағының бағыттарын анықтады. 
Сырттай оқыту факультеті 59 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды. Оның ішінде экономикалық мамандықтар – 7, технологиялық мамандықтар – 24, техникалық мамандықтар – 10 және гуманитарлық мамандықтар – 18. Қазіргі кезде  факультетте 2897 білімгер дәріс алады. 
Оқу үрдісін қамтамасыз етуге факультетте университеттің барлық кафедралары мен бөлімдері жұмыс атқарады. 2011 жылдың қараша айынан факультетті т.ғ.к., профессор Мұрат Мұсабекұлы Бекмұратов басқарады, ал оның орынбасары магистр, аға оқытушы Кабдушев Арман Арстанғалиұлы.

Top