Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі

Тарихы:

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы «Шет елде тұратын Отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаментінің 2002 жыл 25 желтоқсандағы №5-4/828 хаты мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақ диаспорасы мен репатрианттар өкілдері» ішіндегі дайындық бөлімі тыңдаушыларының оқу және тәрбиелік жұмысының ұйымдастырылуы туралы 2002 жылғы 27 желтоқсандағы №899 бұйрығының негізінде 2003 жылдың 3 қаңтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің біліктілікті жетілдіру және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде дайындық бөлімі ашылды. 2004 жылдың соңында біліктілікті жетілдіру факультетінің таратылуына байланысты, 2005 жылдан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы болып қайта құрылды. Құрылымдық бөлімдердің қайта құрылуына байланысты, 2013 жылдан бастап дайындық орталығы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі болып өзгертілді. 02.11-15.06.16жж. аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Жалпы білім беру пәндері факультетінің оқу ғимаратын толық игеру және ондағы оқу-әдістемелік  зертханаларды тиімді пайдалану мақсатында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі өз жұмысын Қаратау қаласында атқарды.

Мақсаты:

Дайындық бөлімінде ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде (Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы,  Монғолия Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Россия) тұратын қазақ диаспорасы мен репатрианттары  оқытылады. Дайындық бөлімі қабылданған тыңдаушылардың базалық жалпы білім деңгейін жоғарылата отырып, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған кешенді тестілеуге дайындайды.

Құрамы:

Қазіргі уақытта дайындық бөлімін тәжірибелі басшы Медет Таубайұлы Таубаев басқарады. Дайындық бөлімінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдіскер Динара Жұмалиқызы Әділова, аға тәрбиеші Алмагүл Базарбайқызы Танкина қызмет атқарады. Тыңдаушыларға мамандықтарын жетік меңгерген А.Ауғанбаева, И.Айтбаева, Ж.Шонтаева, Ш.Сапарбекова, Б.Орынбасар, Т.Елтайұлы,  Ж.Аманжол, Б.Малдыбаева, Р.Сұлтанбекова, Қ.Джумабаев сынды магистрлер, аға оқытушылар мен университеттің доценттері дәріс береді.

Оқу-тәрбие үрдісі:

ЖОО дейінгі дайындық бөлімнің материалдық базасы жаңартылып, университетіміздің 2.6 ғимаратынан  оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға әкімшілік басқару кабинеттері мен аудиториялар  беріліп, №1 білімгерлер үйінен тыңдаушыларға арнайы бөлмелер бөлінді. Осы білімгерлер үйінде тыңдаушыларға арналған кешкі кітапхана жұмыс істейді.

Шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдеріне ұлттық тіліміз бен тарихымызды тереңдете ұғындыру мақсатында қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерін оқыту үрдісі басты назарға алынған. Аталған пәндермен бірге математика пәні де негізгі пән ретінде оқытылады. Қазақ тілі пәнінен ұсынылатын бағдарлама тыңдаушылардың қазақ әліпбиінде сауатты жазуға үйретіп, өз ана тілінде сөйлеу тілін дамытып, тіл тазалығын сақтай отырып қазақ тілінің тілдік жүйесін толық меңгеріп, үйренуіне ықпал етеді. Қазақстан тарихы пәнінде тыңдаушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, ұлтжандылыққа, өз ұлты алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтық ұстанымын қалыптастыруға баулып, еліміздің көне тарихынан бастап қазіргі кезең аралығына дейін жан-жақты, терең мағлұмат береді. Математика пәні тыңдаушыларға қарапайым арифметикалық амалдардан бастап күрделі математикалық, алгебралық және геометриялық есептерді шешуді  меңгертеді. Сонымен бірге бейіндік пәндері бойынша қазақ әдебиеті, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері  жалпы білім беру бағдарламасына сай өткізіледі.

2012-2019 ж.ж. аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімін бітіріп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскен тыңдаушылардың статистикалық  көрсеткіші

Оқу жылы

Бітіргендер саны

Грантқа

түскендер саны

Ақылы

негізге түскендер саны

Жалпы

оқуға түскендер саны

1

2012 – 2013

104

74

2

76

2

2013 – 2014

60

18

7

25

3

2014 – 2015

48

9

4

13

4

2015 – 2016

87

4

39

43

5

2016 – 2017

96

25

18

43

6

2017 – 2018

56

27

6

33

7

2018 – 2019

30

14

5

19

 

Барлығы:

481

171

81

252

 

2012-2019 ж.ж. аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде  білім алған тыңдаушылардың келген мемлекеттері бойынша мәлімет

Оқу жылы

ДБ бітіргендер саны

Өзбек-стан

Мон-голия

Қырғыз-стан

Турк-мения

Қытай

Тәжік-стан

Ресей

1

2012-13

104

70

7

3

8

13

3

 

2

2013-14

60

42

2

2

12

2

 

 

3

2014-15

48

31

6

1

6

4

 

 

4

2015-16

87

65

 

1

18

3

 

 

5

2016-17

96

28

 

 

4

64

 

 

6

2017-18

56

17

 

 

5

33

 

1

7

2018-19

30

16

 

 

10

4

 

 

8

2019-20

45

14

3

 

2

25

1

 

 

Тәрбие жұмысы:

Оқытушылар қауымы білім қуған қандас шәкірттерімізді тарих толқынынан тағылым алуы мақсатында киелі Тараз шаһарының қасиетті жерлері Айша Бибі, Қарахан баба, Тектұрмас, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан Баб, Қожа Ахмет Яссауи, Отырар сынды тарихи орындармен таныстыра отырып, олардың тарихи танымын кеңінен түсіндіруді дәстүрге айналдырған. 2000 жылдық тарихы бар көне шаһардың ішіне бүккен талайғы тылсым дүниелерінің кілтін ашып, сырына қанығу кімді де болса қызықтыратыны шындық. Осы мақсатта тыңдаушыларымызды Тараздың тарихын шертетін орталық мұражаймен таныстыру ұмыт қалдырылмайды.

Университетте өткізілетін түрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралар, спарткиадалардың өткізілуінде дайындық бөлімі белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінуде

Жыл өткен сайын дайындық бөлімінде тыңдаушыларға дәріс беретін оқытушылардың іс-тәжірибесі шындалып, алдағы уақытта жоғары көрсеткіштерге жетуге мүдделі.

Top